Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  234


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Түгел боп тұр төрт құбылам қай менің...

Түгел боп тұр төрт құбылам қай менің,
Тосар ма екен тауқыметтер тағы алдан?
Соны елетпей сағындырған Ләйлә едің,
Таңдану мен табынуға жаралған.
Жегідей жеп бітті білем мұң-нала,
У төгеді, төге алмады тілім бал.
Жаным, енді өзім туған шыңға да,
Бүйте берсем жараспайтын түрім бар.
Тоз-тоз болдым. Енді кімге илігем?
Өз халіме өкінішпен көп күлем.
Атығайдың құласынан жүйрік ем,
Адайлардың қылышындай өткір ем.
Мұңлы басты енді кімге қосамын,
Тәу еткізген теңдесі жоқ бақ, қайғым?
Қара шашты қол жетпеген қосағым,
Мен өзіңсіз табытқа да жатпаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу