Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  108


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Жолдар ғой көңіліңді табатын...

Жолдар ғой көңіліңді табатын,
Қиялдай жерге де апарған.
Жоңғардың кенжесі – бала ақын,
Оралам мың түрлі сапардан.
Сол шақта Назымша із кесіп,
Шыға кеп үй толы бір беттен,
Бір ару сызыла жүздесіп,
Қарайды шәлкестеу құрметпен.
Ілкіде Ләйләны жырлап ем,
Қиындық дегенді жүк көрмей.
Содан ба, қарайды бұл маған
Тағы бір хикая күткендей.
Ақынның басынан бағы ұшпақ,
Көмейге келмесе күй түрлі.
Осы бір жүрекке бағыштап,
Бір құйын жолдар ем сиқырлы.
Амал не, қиналып өр кеудем,
Бәрібір, қанша күш салмадым.
Құдірет көрмеген жерден мен
Құдірет көрсете алмадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу