Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  124


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Шығармай жүрдім бір де естен...

Шығармай жүрдім бір де естен,
Ұмытып ұйқы-күлкіні.
Бір рет қана тілдескен
Бейнеңді сенің күн-түні.
Қай жұмыс мейлі істесем,
Қуат боп жүрдің көңілге.
Көзіме менің түспесең,
Не көрдім дер ем өмірде?!
Тәңірім талай түске енген,
Тентек те қылдың, ақылды.
Ақындық жолға түскен де ем,
Жыр қылып сұлу атыңды.
Сұлулық – талант, жанымның
Қонған-ды саған дарыны.
Өспірім менің шағымның,
Өшпеген жалғыз жалыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу