Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  134


Автор: Әбжан Әбілтай

Текемет

Қарын тойып,
қаймақ қатса ерiнге,
тоқшылықтан аз ба күндер
жерiнген?
Бiр текемет
көздiң жауын алатын
жатты бiраз бiздiң үйдiң төрiнде.
Тұрмыс өрлеп,
жүрдек уақыт озғанмен,
өткеніңсіз
ертеңге қол созған ба ең?
Сол текемет
солғын тартып, күйе жеп,
түгi түскен тулақтай боп тозды
әбден.
Көненiң бiр көзiндей ғып,
мұра ғып,
ұстап жүрген мүлiк едi бұл анық.
Ендi бiрде енесiнiң жоғында
Келiн тысқа тастады оны шығарып.
Қымбатынан айрылғандай әлдебiр,
Жабықты анам
күйге түсiп қамкөңiл:
– Ескi-ұсқыдан құтылуға асықсаң,
Сол текемет секiлдiмiн мен де бiр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу