Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
279
Ұлы дала бәрі бір тауларыңнан тектірек
Таулар рас, тәңірім,Тұрған шығар
көк тіреп.
Ұлы дала бәрібір
Тауларыңнан тектірек.
Қит еткенге қуанып,
Құлақ түрдім күмбірге.
Жау келді деп жыланып,
Тығылғам жоқ үңгірге.
Ошағымның отын ап,
Үлестірдім, Жасаған.
Үңгірімде жатып ап,
Тас атқам жоқ тасадан.
Сен күш беріп, байтағым,
«Аллажар!» деп аруақ,
Жауларымды жайпадым,
Қайқы қылыш қолыма ап.
Түсіңе енер тіпті бұл,
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter