Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  110


Автор: Асқарбек Бектемісов

Беріп келем жүрегімнің жылуын

Апыр-ай, бұрын қалай білмегенмін?!
Хабар беріп өз ойынан үндеген кім?
Сауымда талқанымды талап жеген,
Қалай жүргем арасында күндегеннің!
Бұл өмірің таусылмайтын тартыс екен,
Бітпейтін бір күніңмен айтыс екен.
“Бақсам бақа екен” дегендейін,
Жұрттың көбі жүрген бір әртіс екен.
Өмірден аламын деп өз сыбағамды,
Жүргенімде тағдырым жолымда тұра қалды.
Кімнің ол көңілінен шығып еді?!
Бере салып екі айтқызбай сұрағанды.
Тағдырың айтқаныңды тыңдаған ба?!
Бақыттысың бесігінде ол ырғағанда.
Қаласың жанарың жасқа толып,
Жаныңды аямай кеп тырнағанда.
Қаладым да бағымның баста тұруын,
Елемедім қайғы-мұңның иттей ұлуын.
Жандарға да иттік маған жасаған,
Беріп келем жүрегімнің жылуын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу