Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
169

Көтерілдім биіктерге СамғауменЕН
Іздеген бақытымды құрылысшының
қалағынан,
Таптым мен қаламгердің қаламынан.
Қаламым қалдырмады қатарымнан,
Оқ тигенде тағдырымның садағынан.
Қолыма орта жаста қалам алдым,
Тағдырыммен күресіп, орап алдын.
Қиындыққа келемін қарсы тұрып,
Екінші рет келмей қайта жараланғым.
Құштарлығым өнерге қалмай менен,
Келемін ата, әке жолын жалғауменен.
Қаламымның қатайып қауырсыны,
Көтерілдім биіктерге самғауменен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇