Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
134
Сұлуларға көз қадар жас та, кәрі
Жарасады қыздарға әдемілік,
Жаратқасын Жасаған әдемі ғып.
Түсе қалса жанарың сол сұлуға,
Ұйқы қашар кірпігің әрең іліп.
Шіркін-ай, қыздар неткен көркем еді,
Көңіліңнің келер кейде еркелегі.
Сұлулық төгілген бір нұр емес пе,
Оятқан сезімімді ерте мені.
Сұлуға көз қадайды жас та, кәрі,
Өткен жәйт қой кешегі бастан бәрі.
Ғайыптан ғашық болып қалсаң егер,
Азабың бастан асар басталады.
Қызды сүйіп, қымызды кім ішпеген,
Табиғат заңын бұзу дұрыс па екен?!
Сұлуға көз салмаған жан көрмедім,
Табылмас бұл сөзімді бұрыс деген.
Кезінде сұлуларды “көздеп атып”,
Жібіткеміз жүректерін сөзбен атып.
Өтеміз енді қазір кірпік қадап,
Арманның ақ маралын көзбен атып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter