Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  1252


Автор: Асқарбек Бектемісов

Туған жерге сағыныш

Туған жердің сағынамын жаңбырын,
Күн нұрымен жарған еді тал бүрін.
Маған ыстық туған жердің ой-қыры,
Туған жерім – таусылмайтын тағдырым.
Көрмесем оны таусылады төзімім,
Жетелеп оған сөнбейтін ыстық сезімім.
Бара қалсам мауқымды басам армансыз,
Туған жерім бауырына басып өз ұлын.
Тербетілген ашқаннан өмір есігін,
Туған жерім – алтын бесігім.
Аялап өтем мен оны өле-өлгенше,
Арқасында оның танылды елге есімім.
Алғысым көп сол үшін Жасағанға,
Онсыз мен бір адым алға баса алам ба?!
Келеді мені әр кез Тәңір қолдап,
Тағдырым талай тас атса да тасадан да.
Ойламаңдар, емес маған басым қайғы,
Тәңірім өлшеулі ғұмырынан асырмайды.
Айтарым кіндік қаным тамған жерге,
Сағынышым бір сәтке де басылмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу