Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  158


Автор: Асқарбек Бектемісов

Жыр-маржанын тере бер

Жақсылық алдан тосатын бол,
Жасыңа жас қосатын бол.
Алыс-жақынды шақырып,
Барыңды тойға шашатын бол.
Алпыстан әрі асатын бол,
Аяқты еркін басатын бол.
Атың озып бәйгеден,
Айқара гүл құшатын бол.
Ұзақ өмір сүретін бол,
Қызықты көп көретін бол.
Шығатындай көңілден,
Жыр-маржанын теретін бол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу