Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
207
Асқарбектің алпысы
Елестейсің бұлағындай қайнардың,
Нұр жүзіңнен арайланар жайдарлы үн.
Биікке ұштың қатарыңнан озық боп,
Құрылысшы едің жазушыға айналдың.
Дұшпандарға найзағай боп атылдың,
Талантыңды дарыныңмен шақырдың.
Жалғастырдың сара жолын әкенің,
Жиенісің Ер Жәнібек батырдың.
Алты қырдан аса бер,
Елің жүзді жаса дер.
Жақсылыққа шомыл да,
Алға қарай баса бер.
Азаматсың зиялы,
Көңілге нұр құяды.
Құлагер боп шаба бер,
Хас тұлпардың тұяғы.
Кім білмейді Наз ағадай қыранды,
Жастайынан сүйіп өскен жыр-әнді.
Тал бойыңа әке өнерін жиыпсың,
Мойындады ел Асқарбектей шынарды.
Көңіл бүгін тойда шалқып тасуда,
Өнерпаздар жырдан шашу шашуда.
Май гүліндей жарқырайды Майя да,
Шықтың бүгін алпыс деген асуға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter