Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  1326


Автор: Серік Тұрғынбеков

Асқарбек – 60

Қарағым,
Айналайын,
Асқарбегім!
Артық па
Арнасам да – дастан керім
Мінеки,
Дабылдатып той жасадың,
Әлемнің алаулатып асыл жерін.
Торғайың, кіндік кесіп, ойың-өніп,
Толғана топырағын басқан жерің.
Еңселі үйлер салып
Елордада,
Астана –
Абыройың асқан жерің.
Өзің де, ақын болып, жазушы боп,
Қаланып түсіп жатыр тасқа өрнегің.
Назекең мені баулып өсірмесе,
Өлеңмен осы тойды бастар ма едім.
Ұласып тойың тойға,
Ұрпақ өсір,
Тойыңа алпыс асып келіп тұрған,
Шашуым осы болсын – шашқан менің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу