Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  103


Автор: Асқарбек Бектемісов

Құрметті Өсербай Ізбасарұлы

Бүгінгі күн – Сен үшін аса маңызды,
Маңыздысы туғансың сен жаны ізгі.
Қарап тұрсам бүгінгі күн аспаннан,
Ақ тілектер жауып жатқан тәрізді.
Азаматсың түсінетін жүрегімен кісіні,
Алаламай үлкен менен кішіні.
Өміріміз жұмақ болып кетер ед,
Сендей болса, бір адамның пішіні.
Жүзіңді әр кез нұрландырып биіктік,
Жат мінезден аулақ болып киіктік.
Ниетінен табады несібесін бар адам,
Жаратқан Ием несібеңді берсін биік қып.
Қызықпайтын жігітсің қызарғанға, қызылға,
Құдай берген ұлың да бар, қызың да.
Әулетіңді ырза қылып келесің,
Құлақ аспай маңайдағы “ызыңға”.
Азаматсың досың үшін қиятын бір таңыңды,
Сол үшін мен тоздырар ем ұлтанымды.
Аман болсын, бірге туған бауырларың,
Ауыстырып тұратын мінген темір тұлпарыңды.
Отырғам жоқ тырнайын деп жан-жараңды,
Соңғы кезде ортамызға әдемі ән таралды.
Алып келіп Алматыдан Гүлбаршынды,
Бір қуантшы біздерді, бар ғаламды.
ІІІ-бөлім. Туған жердің Тұлғалары
Достық жырын биіктерден жырларсың сен,
Досқа адал боп әуелден туғансың сен.
Жүз жаса мына жалған өмірде,
Құдай қосқан қосағың – Гүлбаршынмен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу