Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
145
Күліп тұрған дүние жылап қалып...
Күліп тұрған дүние жылап қалып,
Асқақтаған арманым құлап қалып.
Көріне алмай көзіне көптің енді,
Отырдым мен жылыстап жырақ барып.
Жыртық-жыртық жүректен жыр ақтарып,
Көк тас болып қатқан шер көмейдегі,
Тарқатылды жанардан бұлақтанып.
Ашылғандай күн көзі, ашылғандай,
Сіркіреген жаңбыр ма жасым мынау.
Шүкіршілік етпестен өткен іске,
Берекемді несіне қашырдым-ау.
Басылдым-ау, әп-сәтте басылдым-ау,
Күйректікке құрығыр көп беріліп,
Ағарып та кетіпті шашым мынау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter