Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
123
Күлкі азайып...
Күлкі азайып,
Мұң көбейіп барады.
Көңіл күпті,
Жан жүрегім жаралы.
Өткен күндер,
Көрген түстей бұлыңғыр,
Тербетпейді сананы.
Бірге өскен
Құлындарым қайда жүр
Көбінің жоқ хабары.
О, Жаратқан,
Күндер қайда кешегі?
Неден болдым жазалы.
Солғын тартып,
Бұл өмірдің ажары
Тарқағандай
Қызығы да базары.
О, Жаратқан өзің ғана,
Жоқ етер де, бар етер.
Атақ қуып алқынып,
Болған жоқпын қара тер.
Шүкіршілік мың мәрте,
«Адал жан» деп санаса ел.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter