Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  157


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІРІҢДІ-БІРІҢ ҰЛЫ САНАМАҒЫН

Хансың ба, қарасың ба, данасың ба?
Тілегім адамзаттың баласына.
«Ұлымын, ұлықпын» деп, бір Алланың,


Қаһарлы ұшырама жазасына.
Біріңді-бірің ұлық санамағын,
«Құлы» деп, бір Алланың бағалағын.
Бірің тақ, бірің ат та, бірің жер де,
Бір қадам үшеуіңнің араларың.
Ғаламды он сегіз мың жаратқан кім?
Әлемге нұр сәулесін таратқан кім?
Бір Алла ұлы да өзі, ұлық та өзі,
«Ұлы» деп бір Алланы мадақтағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу