Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  161


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Мен өзгеше...

Мен өзгеше,
Мен өзгеше Әлеммін.
Ұқсамайтын
Ешбір жанға
Керегі жоқ дәлелдің.
Жүрісім де, тұрысым да,
Өзгелерден өзгеше,
Әдеп-ғұрып дәстүріндей,
Бөлек-бөлек әр елдің.
Бөлек менің дыбысым да,
Тіршілігім тынысым.
Бөлек менің жан дүнием,
Несібем де, ырысым.
Сенің, менің арамызда
Кереғарлық мәңгілік.
Саған бұрыс көрінеді
Менің барлық дұрысым.
Бәлкім, бәлкім,
Саған дұрыс көрінер
Менің еткен бұрысым.
Саған мазақ секілденер,
Менің барлық ұлы ісім.
Адам болып
Сен де, мен де,
Туылғаннан не пайда,
Ырылдасып,
Ит болғаны
Ит болғаны құрысын.
Не жетпейді,
Бұл адамға,
Бұл адамға, білмедім.
Ойлай, ойлай қалжырадым,
Таңға кірпік ілмедім.
Аңлығаны, бар арманы –
Боқ дүние бәрінің.
Құрысыншы,
Қоңыз тірлік,
Бүйтіп өмір сүргенің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу