Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
140

АЛЛА, АРУАҚ ЖЕБЕДІ
Алла, Аруақ жебеді,
Қатарға қосты, теңеді.
Ата-анадан бір жалғыз,
Жарым көңіл мен еді.
Бауырында өстім Әжемнің,
Әжемнің сөзі дем еді.
Ауырсам қолы ем еді.
Жүз жасқа келіп көз жұмды,
Өтсе де әжем өмірден,
Рухы әлі, әлі де,
Өркенімді өсірген,
Тілегі шығар Әжемнің,
Бата, алғысы көп еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇