Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  113


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІРТЕ-БІРТЕ

Бірте-бірте ғайып болып бәріміз,
Ұмыт болар шалқып салған әніміз.
Көшер, кетер, өшер жердің бетінен,
Біздер салған сәулет сарай сәніміз.
Даналардың сөзі, бәлкім, жатталар,
Ақындардың өлең жыры сақталар.
Халық қанын сорып өткен қорқаудың,
Моласы да, сүйегі де тапталар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу