Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
130
ЕЛ БАР МА?
Ер бар ма қабырғасы сөгілмеген,
Халық жоқ «елім-ай» деп егілмеген.
Құдайдың қаһарына ұшыраса,
Қабысар қас қағымда көгің жермен.
Ақылды баққа, таққа мастанбайды,
Қас батыр қалың қолдан жасқанбайды.
Қайғысыз бұл жалғанда бір пенде жоқ,
Күнді де қара бұлт астарлайды.
Ойланғын таққа, баққа иелерім,
Қорғаның, қорғанышың – киелі елің.
Халқыңның кәдіріне жете алмасаң,
Бетіңді өз қолыңмен күйеледім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter