Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
173
МӘҢГІЛІК МУЗАМ МЕНІҢ
Мәңгілік музам менің, табындырған,
Өзіңсің жаным тербеп сағындырған.
Ерітіп, елжіреттің жүрегімді,
Өзгермей сан бояулы сағым нұрдан.
Өзіңсің от жалыным лапылдаған,
Өзіңсің құштарлығым басылмаған.
Арқалы ақын да мен, батыр да мен,
Ешкімге ешқашан да бас ұрмаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter