Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
129
Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті...
Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті,
Күндер өтті, тербеумен түндер өтті.
Жауқазыным, жалыным, жастық отым,
Жастық отым жарқылдап бірге кетті.
Қаз оралар, оралмас өткен күндер,
Өткен күндер оралмас, өткен түндер.
Сарғайды ма кім білсін жапырағың,
Сезімімді шық етіп төккен гүлдер.
Жаңғырады бұл өмір жаңарады,
Сақалың да, шашың да ағарады.
«Жалған-ай» деп толғанған ақындардың,
Жыры менен артында қалады әні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter