Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  118


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Солқылдатса тамырда от кеселі...

Солқылдатса тамырда от кеселі,
Сағыныштың самалы іште еседі.
Ауық-ауық терезеге қараймын,
Қайда достар, қайда туыс кешегі.
Мені олардың ұмытуы мүмкін бе?
Қоштасу да қиын еді-ау бір күнге.
Сағыныштың сазы жанды сыздатып,
Көз ілместен шықтым тағы бұл түнде.
Кетті-ау бәрі сапарларға алысқа.
Теңізде ме, жүр ме әлде ғарышта.
Оралса екен ұясына аман-сау,
Достарым да, туыстар да, таныс-та.
Денсаулықтың сауытын сәл тат басып,
Емханаға тіреп тұрмын ат басын.
Бәріңе де тілеулес боп жатырмын,
Сендерді де, мені де Алла сақтасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу