Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  151


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Қою керек еркеліктің барлығын...

Қою керек еркеліктің барлығын,
Жақындады жасамыс шақ, жарлы күн.
Бойдан қуат, буыныңнан әл кетсе,
Кімге керек, серілігің, салдығың?
Қызықтырмас шешек атқан күнің де,
Бұлықтырмас ләззаты мол түнің де.
Айға шауып аласұрған арыстан,
Қартайған соң жалғыз жатар інінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу