Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  133


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАНЫС БАБАҒА

Аруағыңа бас идім, Жаныс бабам,
Атақ-даңқың жасымнан таныс маған.
Шапырашты бабаммен немересің,
Ұрпағыңнан жайым жоқ алыстаған.
Бәйдібектің өрені араласып,
Қаратау, Алатауды қоныстаған.
Зиярат қып мазарыңа келіп тұрмыз,
Желеп-жебе рухыңмен, Жаныс бабам.
Жаныс бабам, рухыңмен сүйемелде,
Шарапатың қашанда тиеді елге.
Мүйізді Өтегендей ұл туғызып,
Айналдырдың өзгеше киелі ерге.
Бар қазақтың данасы дарасы да,
Тең келерлік жан бар ма Төле биге.
Тәу етіп жатыр ұрпақ мазарыңа,
Кеп жатыр басқа елдің қазағы да.
Ел болды елі-жұртың еркіндік ап,
Үш ғасыр көнген орыс азабына.
Ұрпағың – Мүсілім мен Амалбегің
Бұл күні бар халықтың назарыңда,
Басыңа күмбез салды көк тіреген.
Бұл жайлы талай ұрпақ жазады да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу