Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
213
БАТЫР БАБАМ ЖАУҒАШАРҒА
Бәйдібектің ұрпағы Жауғаш батыр,
Жау басына орнатқан заман ақыр.
Туған жердің торқалы топырағын,
Жамылғалы болыпты екі ғасыр.
Екі ғасыр өтсе де ұрпақтары,
Рухына келіп тұр тіл қатқалы.
Ұрпағыңның мекені, батыр бабам,
Алатау, Қаратаудың бір қапталы.
Қалмақтар жоқ баяғы қоқандаған,
Сол қалпында жазира жотаң далаң.
Орыстар да жерімнен кетіп жатыр –
Бұл кездері қазақты отарлаған.
Батыр бабам, рухыңа табынамын,
Ездік құрсын, ерлікті сағынамын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Бөрілерден қайткенде арыламын.
Жаз жайлау, қыс қыстауың қоныстаған,
Байлыққа тұнып тұрған кеніш далам.
Ұрпақтарың тәуелсіз ел болғалы,
Әзірше аман зілзала соғыстардан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter