Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
107
СЕРІК ӘБДІРАЙЫМОВҚА
Сырбазым-ай, аспайтын, таспайтын да,
Сырбазым-ай асығып, саспайтын да.
Алқа топқа ой салып салиқалы,
Ортақ іске өзің ең бастайтын да.
Екі адамның бірі едің жалғандыққа,
Жарты қадам тағы да баспайтын да.
Кәдірін бөздің емес, сөздің біліп,
Сен едің мені әр кез қоштайтын да.
Маңғазым-ай, ерекше жаратылған,
Көз алдымнан кетпеді-ау дара тұлғаң.
Тым ертерек кеттің-ау, тым ертерек,
Ел-жұртыңды егілтіп арасынан.
Өлді деуге өзіңді дәтім бармас,
Түлеп ұшқан түлегім Таласымнан.
Топырағың бұйырған торқа болсын,
Алатаудан, Алматы қаласынан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter