Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
202

АСЫЛ АНАМ
Асыл анам,
Ақ сүтіңді,
Қалай ғана ақтармын?
Ақ сүтіңнің тамшысына,
Тең келер ме бақ тағың.
Бұл өмірде,
Жоқ болсаң да,
Бір мен үшін мәңгілік,
Мәңгі тірі,
Нұр жүзіңді
Жүрегіме сақтармын.
Бір өзіңнен,
Басқа, жаннан.
Мейірім шуақ таппадым,
Асыл анам,
Ақ сүтіңді,
Қалай ғана ақтармын.
Асыл анам,
Перзентіңнің,
Білместігін кештің бе?
Желіктім-ау,
Жел құйындай,
Жалғызың боп өстім де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇