Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
94
ТІРШІЛІК-АЙ, ТІРШІЛІК
Тіршілік-ай, тіршілік,
Қалсам оқыс күрсініп.
«Өкінішті» демегін,
Шүкіршілік, құлшылық.
Өзегіңнен өзіңнің,
Өскен менде бір шыбық.
Нұр сәулесі көзіңнің,
Өн бойымда тұр сіңіп.
Соғып кейде дауылың,
Жазылмайды бауырым.
Төгіп кейде жауының,
Тоңазиды жауырыным.
Аз демеймін, тіршілік,
Ойын-қызық, сауығың,
Аз да емес тағы да,
Қорқыныш пен қауіпің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter