Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
96
АЙ БОЛЫП ТУЫП АРМАНЫМ
Ай болып туып арманым,
Алаулап нұр боп жан-жағым.
Кездескен еді өзіңде,
Ең алғаш менің жан жарым.
Жастықтың өткен күндері,
Сені іздеп келдім, Қарғалым.
Арайлы таңдарым,
Ал қызыл алмалым.
Махаббат музасы,
Аяулы Қарғалым.
Жастығым, арманым,
Жырымды өзіңе арнадым.
Мұңымды келдім шағуға,
Ізімді келдім табуға.
Жастығым қайда, кешегі?
Жұлдыздай жылдар ағуда.
Үрлеші отын жүректің,
Бел будым, қайта жағуға?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter