Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
119
ТҮРІМ ДЕ БАРАДЫ ЕСКІРІП
Түрім де барады ескіріп,
Күнім де барады кешкіріп.
Үгумен, мүжумен келеді,
Өмірдің толқыны төске ұрып.
Толқындар тоқтаусыз толқиды,
Шыбын жан шабақтай шоршиды.
Қанша рет көретін жарығым,
Қаншама қалды екен жол қилы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter