Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
159
ТАЛАСТЫҢ АРУ ЕРКЕСІ
Аққудай сызылтып бір ән салдың да,
Қайыңдай тербетілдің қарсы алдымда.
Жалындай ыстық демің бетті шарпып,
Жаутаңдап тұра бердім тамсандым да.
Көзіңнен мен көрмеген ұшқын тарай,
Әнің мен ақ жүзіңе береді арай.
Таластың туған Айдай Тоғжаны ма ең,
Құмарым тарқар емес қарай-қарай.
Тербедің тереңімді, тұнығымды,
Кетірдің еркімді алып, тынымымды.
Айта алмай арманымды кетіп барам,
Сыйласаң, сипат, еркем бұрымынды.
Өзің бір ғажап екенсің,
Лағыңдай ерке киіктің.
Арманым болып өтерсің,
Армандай асыл сүйіктім.
Қия алмай кетіп барамын,
Жүректе қалды наз әнің,
Таластың ару еркесі-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter