Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  146


Автор: Ислам Қосжан

Әнші туралы ой

Шырақ қылып Айдың сепкен жарығын,
Іште жанып,
Іште сөнген жалыным.
Мен әнімді түнде ғана айтамын,
Сондықтан да, өлеңімнің бәрі мұң.
Ән айтамын жүрек болса ұғынбақ,
Гитарамды бауырыма сығымдап.
Сөзін білмей Шәмші жазған әуеннің,
Әнін айтам арасында ыңылдап.
Аккорд қойып саусақ сымды тіреген,
Айтсам деймін жүректі езер бір өлең.
Ышқынамын арияға жақындау,
Ән шығады кафе - барда түнеген.
Біруден сөз, біреуден саз ұрладым,
Бұзып айтса болады екен ырғағын.
Әнім бітсе мысық біткен мияулар,
...Сағат түнгі бір жарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу