Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  169


Автор: Ислам Қосжан

Жүрегім менің тулайды

1
Жүрегім менің тулайды,
Аңсай ма әлде ғашығын?!
Жағалап таулы баурайды,
Достардан кеткем жасырын...
Енді не?
Аға, біз үлкен,
Жауқазын жысыл өмір ең.
Дос қайда кеше тізілген,


Дос түгіл қатар кеміген.
Жастықты қайдан табасың,
Елесі қалды артымда?!
Білгенің жақсы шамасын,
Сабыр ет, жүрек, алқынба!
Өмірге мен де құштармын,
Сен мені жүрек құптарсың.
Бір күні сен де тоқтарсың,
Дәл сонда бізді жоқтар кім?!
2
Уақытпенен жарысып,
Озамын деп,
Көрсеттім-ау өмірдің азабын көп!
Қатарымнан қалып мен қоймадым ба,
Жүргенімде жақсы жыр жазамын деп?!
Кей түндерде шошынып оянамын,
Біле тұра қайтейін, аямадым.
Қадіріңді білмедім, қара нарым,
Енді міне, келеді аялағым!
Жырла жүрек, жыршының жүрегіндей,
Жүрген шығар достарым біле-білмей.
Мен де саған тыныштық бермеспін-ау,
Ұйықтап жатып ұйықыңнан түрегелмей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу