Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
117
Кел, Шайырым сырласайық
Кел, Шайырым оңаша сырласайық,
Мәңгі құшақ бұл өмір тұрмас жайып.
Көктеміңді құлпыртып сен алып кел,
Сөйтіп, тойды екеуміз бір жасайық.
Бірге шығып қайтайық қыраттарға,
Көңіл шіркін мұндайда тұрақтар ма?!
Малып алып кеудені бұлақтарға,
Тау кезейік арқардай, қуат барда!
Бола бермес күткенде,
Сірә, мұндай,
Көктем деген жастықтың ұранындай!
Мен тұрайын!
Кеудемді желге тосып,
Шоқта тұрған шопанның құманындай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter