Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  103


Автор: Ислам Қосжан

Ініге

Інім-ай,
Ертең біз кетіп...
Шақырар сонда іздетіп.
Алдыңнан шығар тас керең,
Тұтқасы қырау, мұзды есік.
Сондықтан кел сен шақырмай,
Шақырсам келер, кім-кім де.
Көп болды еркін отырмай,
Жүргелі қашан апырмай.
Ағаның үйі – Ақ мешіт,
Шақырмай кел сен үйіме.
Келінге тұрам «ұл тап» - деп,
Сәлемін еткен иіле.


Күй болып сонда төгілем,
Бұрауым түсіп күйіме.
Биіктеп көңіл – мұнарам,
Қапылып жүрем қой сойып,
Шақырып туыс, көршіні.
Жағасы жайлау бұл ағаң,
Келгендей сыйлы төркіні,
Көз ілмей шығар сол түні.
Сол күні басқа бақ дарып,
Қуанып, күліп шаттанып,
Ағаның болмас арманы,
Кетіп те қалса аттанып...
...Жүргелі қашан отырмай,
Жырларым жатыр оқылмай,
Сырларым жатыр айтылмай,
Тыныштық болсын,
Апырмай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу