Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
280
Құрқылтайдың ұясы
Сұрамаса жүргендік пе, іздемей,
Қыз дейін бе?
Іздегенім түз демей!
Көрдіңдер ме?
Өзін емес, ұясын,
Құрқылтайдың жыр көмей.
Көптен бері сабыр сақтап, іркем ой,
Балапаны шамда жанған білтедей.
Құрқылтайдың көрдім кеше ұясын,
Үлкендігі,
Қосқа тіккен күркедей.
Табылғасын,
Жүргенім де үндемей,
Күтіп жүрмін күндіз демей,
Түн демей.
Балшы айтқан,
«Ұя» тауып әкелсең,
Келіншегің, ұл туады күлшедей.
Жан-жағына, жаутаңдайды дүмше ой,
Қырсыққанда алуға ерте,
Ерте ғой.
Құрқылтайдың көріп жүрмін ұясын,
Балы түскір білсе ғой!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter