Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  162


Автор: Ислам Қосжан

Есікті біреу

Есікті біреу қағып тұр.Іштегі дауыс:
- Үйде ешкім жоқ!
- Ендеше шам неге жанып тұр?
- Қазір сөндірем!
- Онда мен...ертең келермін.



Жүрегі жан ба, жаралы?
Ессізге тағы санама.
Есікті біреу қағады,
Ашпауға енді бола ма?!
Ашпады.
Бірақ түсінді,
Ертең де осы жасары.
Қу шарап сосын ішілді,
Сол ғана қайғы басады.


Ашылмай қалған сырсың ба?
Кім сені ұқсын?
Айтып көр!
Ашпаған есік сыртында,
Шашылып жатты кәмпиттер.
...Ғашықтар еді табысқан,
Іздейді енді,
Жоқ әнін.
Естіліп жатты алыстан,
Жылаған даусы баланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу