Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  194


Автор: Ислам Қосжан

Ұлып алғым келеді

«Әділетсіздікке шамаң келсе қолдап күрес,
ол мүмкін болмаса сөзбен күрес,
сірә болмаса, іштей наразылығыңмен күрес»
Құран-Кәрім.


Айтар жерде айта алмай,
Қиналамын сынаса.
Ал, мендегі ой қандай?
Үндемеймін сұраса.
Бала-шағам есен бе?
Күн көрісім жүр есте.
Әділетсіз десем де,
Бара алмаймын егеске.
Осы шығар болғаным,
Мен дегенім -
Елес пе?
Сәлем берген қолдарым,
Жарамайды күреске.
Батылдық та сөнеді,
Жан-жағыңнан таласа,
Ұлып алғым келеді,
Шығып алып оңаша!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу