Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  271


Автор: Ислам Қосжан

Бұрым шашым

Қара нар жүк көтермес бел кеткесін


Ен дала құлазиды ел кеткесін.
Сүйреткен боз жорғаның шылбырындай,
Қылаңға сөз ереді бой жеткесін.
Жылгелді (Жеті қайқы)


Жылгелді (Жеті қайқы)
Бірі сылаң,
Болғанда,
Бірі қылаң,
Шашыраған дүниеге нұры – бір ән.
Жырдың исі шалқыған қылығынан,
Күннің исі аңқыған бұрымынан.
Күн сәулесі мойнына асылғанда-ай,
Ақ иықты қолаң шаш жасырғандай.
Жылу берген алыстан шырақ шамдай,
Шашың сондай!
Шашың қандай?!
Оюдай,
Өрілетін,
Ойлы түндей қашанда көрінетін.
Ойнақтаған,
Жалт еткен кезіңде сен,
Зер шашақтай төгілесің.
Шашпау тақса...
Сылдыры ән шақырып,
Сезіміңе тұрғандай бал батырып.
Перне жауып кетеді,
Айналаңды,
Кетсе кенет қос бұрым тарқатылып.
...Ұзын шашы -
Ақылы өлшемінің,
(Нақыл сөздің бұрысын ерте білдім.)
Қарашашым, Сұлушаш,
Алтыншашым...
Бала күнгі ертегімнің,
Жалғасы ертеңімнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу