Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  230


Автор: Ислам Қосжан

Нұрым ақын

Бірде, Мұрын жырау ұстазы Нұрымға сұрақ қойыпты:
– Абыл сізден қаншалықты алдағы ақын?- деп.
Сонда Нұрым қарсы сұрақ қойып:
– Бұхара осы арадан қанша жер?-депті.
– Екі айлық. Нұрым сол кезде Мұрынға:
– Менің алдымда Абыл да дәл сондай қашық – деген екен.
Жаныңды бір аяз-ой қарығасын,
Адалдықты шынымен сағынасың.
Сондай сәтте сұрапты Мұрын жырау,
Сізден қанша алда деп,
Абыл ақын?


Алыстарға кеткенде шығып атың,
Мәрттік демей не дейін,
Мұныңа шын?!.
«Абыл бізден алысы Бұхарадай,
Екі айлық жер» - депті ғой,
Нұрым ақын.
Бірі басым ақын-ды,
Бірі жасын,
Кішірейтіп тұрғаны ұлы басын!
Мықтылықты мойындау осалдық па?
Ірісің ғой өзің де,
Нұрым ақын.
Бірі Абылым болғанда,
Бірі Нұрым,
Бірі сазым болғанда,
Бірі жырым.
Сіздерменен көрінер адалдығым,
Сіздерменен білінер ірілігім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу