Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  107


Автор: Ислам Қосжан

Қаламқас

Жаугершілік заманында ер-азаматтар елге оралғанша Қаламқас қызкеліншектерден жасақ құрап, елді қорғаған, қарттар мен балаларды аң аулап,
аштықтан сақтаған. Қаламқас қатты боранда аң қуып жүріп, абайсызда ұшпадан
ұшып өлген. Қазірде осы жерде Қаламқас атыман аталатын үлкен мұнай – кен орны
бар.
І
Қаламқасты бір көру арман тұнған,
Есімі де есіңді ойландырған.
Аңыз деген сөзінен шындық жақын,
Естіледі бір әуен салған қырдан.
Қаламқаста болу бір құмар бастан,
Теңіз болып,
Алдыңнан шығар аспан.
Теңіз жақтан көрініп шыққан ізің,
Қас-қағымда мұнар басқан.
Кеткенменен ол күндер оралмасқа...
Кешегіден айтылған бұл ән басқа.
Еріксізден ілестім бір әуенге,
«Айттым сәлем Қаламқас» -
Қаламқаста.
ІІ
Қиялымды тілеулес ұзатып ем,
Кетті менен сабырсыз,
Маза тіптен.
Аңызақ жел,
Сор,
Аптап,
Қаламқас деп,
Қалай нәзік атаған?
Қыз атымен.
Сосын сені көруге арнап барғам,
Ойлар таптым өзіңнен салмақталған.
Сөйтсем халқын жылдардың аштығынан,
Қызы екен ол түбекте қорғап қалған.
Білмеген ем болар деп, сыры мұндай,
Көрінесің алтынның сынығындай.
Тұрбалары мұнайдың жатыр көлбеп,
Тарқатылған Қаламқас бұрымындай.
Құлан жортпас,
Көңілден таса болған...


Сорлар жатыр қарттардай,
Шашы ағарған.
Бүгінгінің ерлері сол далада,
Ақиқатты аңыздан жасап алған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу