Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  149


Автор: Ислам Қосжан

Қарақия

...Мынау бір жатқан қап-қара ойпат,
Соқты ғой содан жып-жылы леп бір.
Дүниедегі ең төмен алқап,
Теңіз деңгейінен жүз елу метр.
Ғ. Қайырбеков.
Нар өркешті,
Тау дегенде қиялар,
Биігінде қыран салған ұя бар.
Қарақия* тереңдіктің тамыры,
Көң беттері қыртыс-қыртыс жыралар.
Қой тастары Күн нұрына тіл қатып,
Жел бұрымын жыңғылына шырматып.
Ең төменгі нүктесіне келгенде,
Ащыағар* тұр,
Ащы жасын құрғатып.
Сәл желпініп самал соқса қырынан,
Сыбызғыдай сызылады қызық ән.
Қасқыр шығар...
Тау шатқалын аралап,
Түнді түртіп ұлыған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу