Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  109


Автор: Ислам Қосжан

МЕКЕНІМ

Қанша арман сапарларға ұзатты,
Сағынышты тек жұбаныш жұбатты...
Асыл мекен,
Тарту күші сендегі,
Атомнанда қуатты.
Киелім сен,
Қасиетті мекенім,
Ұзап шықсам,
Құстай ұшып жетемін.


Сенсің менің шөлдегенде шәрбәтім,
Сенсің менің шекерім.
Орындалса асқақ арман,
Тілегім,
Сенің маған тілеуің деп білемін.
Жеріңе өңдес реңім,
Өзіңе үндес жүрегім.
Кей кездерде,
Жабығумен күн кешем...
Түнде жүріп,
Жұлдыздармен тілдесем.
Сенен алыс,
Ұзақ шығып келмесем,
Сағыныштың не екенін білмес ем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу