Өлеңдер ✍️
Сөз, сөз, сөз таңдау керек....
Сөз, сөз, сөз таңдау керек,
Алалы жылқы ішінен,
Арабы бір арғымақ таңдағандай,
Басқа қызық әлемде қалмағандай.
Көз алдыңнан,
Күліктерді шұбатып өткізгендей.
Сөздің гүлін тереді мінезге бай бұл ақын –
Бұлт мінезді, ұлы ақын.
Тауықтарша сөз гүлінің
шоқып көріп дәндерін,
Мақсаттарға жаратам деп сан керім.
Сол дәндерден ашытам деп,
бозадайын жүрегінің әндерін.
Байғыз көзді бадырақтай месқарын
борсаңдаған, торсаңдаған сөздер бар.
Басқа сөзден күш-қуаты өзгерек,
Бізге динамитті алмастырар сөз керек.
Көп жылдар мен көркі бөлек сөз жидым.
Жас баладай жалаң оған қызығам.
Сөзді сүйдім тек ағынан жарылған,
Артық көріп жарымнан.
Сол үшін мен құр қалуға даяр болдым,
Ақша, атақ, байлықтан,
Байлықсыз да сөзім барда,
Мен ешкімнен қаймықпан.
Бір сөз бар тас болмаса,
егер де бас жарар,
Бір сөз бар жұлдыздардың
ғарыштық қызметін де басқарар.
Айтып-айтпай не керек,
Мына әлемде
Жалғыз сөз бар жарығы да керемет,
арыны да керемет.
Сол сөзді мен таппай қойман,
Табамын.
Содан кейін ерітемін,
адам ағзасындағы арам, кесек тастарды.
Содан кейін дөңгелетіп әлемді,
Содан кейін жаңғыртамын аспанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter