Өлеңдер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/50a545e81e9d6e0c64a36290f0e28bd4.jpg)
АРҒЫМАҚ
Павлодардың шалғынын жапырып ажарлы кезгі,
Гробнодан Тысқа өтіп, базарды кездім.
Келген жұртты алдап, бір күнде мың күміс ұтқам,
Қара шытыр карта ұстап жүн-жүні шыққан.
Әткеншек тепкен арулар – қоладай берік.
Шыт көйлектері боранша борады-ай келіп...
Жылқы емес, шіркін, қаншырдай қатқан бір мүсін,
Үйірді аралап, қарадым аттардың тісін.
Өз бақытын уысым алды да қармап,
Алдым базардан айтулы арғымақ таңдап.
Қауіп емес енді қай жермен де қатынас тіпті,
Сүліктей қара арғымақ – атлас түкті.
Өн бойында ойнамас қылығы қалмай,
Еті қызғанда елірген сіңірі қандай!
Жанары қандай жолдағы ел бәрін қаратқан,
Арғымағым-ай, алдынан жалындар аққан!
Жерге ұр-дағы бөркіңді,
Тұршы тек қарсыдан қарап,
Иір мойынындағы жал
Жал емес, қаршыға қанат!
Гүл боратып әткеншек жатқанда ұшып,
Иесімен қоштастық апталап ішіп.
Қош, қожайыным. Кезігер көп сын алдымнан,
Жусан дәмді жел, жылы леп соққан алдымнан.
Шағылды жота, көктемгі көгісте қайран күн,
Дәмін татқызар жалынды жеңіс пен майданның.
Гробно мен Тыстың дөңінен, қырынан асар,
Қызыл жалауша таңғы арай шұғыла шашар.
Бірінші Атты Армия жасасын даңқы да керім,
Аққудай бұлттар ерер-ау артынан оның.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇