Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  135


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЕЙ, АҒАЙЫН, АЛМАҢДАР ДА, БЕРМЕҢДЕР

Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер,
Мені бірақ ренжіте көрмеңдер.
Ақын жаны сәл нәзіктеу келеді,
Жай-жай сөйлеп, жай қолыңды сермеңдер.
Сен де, қалқам, сызданба да, зілденбе,
Зілденерсің бір еңбегің сіңгенде.
Көргенім жоқ ешбіріңнің сәуеңді,
Ешбіріңнің ықтағам жоқ іргеңде.
Қаяу салып кетер болсаң көңілге,
Мен иілмен, иілгенмен темір де.
Сүт ірісе іркіт болар, ал іркіт,
Қайтып сүтке айналмайды өмірде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу