Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
106
ДҮНИЕ, АШТЫМ ТЫЛСЫМ ЕСІГІҢДІ
Дүние, аштым тылсым есігіңді,
Тербей бер, тоқтатпағын бесігіңді.
Қойныңда құндақтаулы нәрестеңмін,
Құптаған кесімінді, шешімінді.
Мен саған еркіндейін, еркелейін,
Еркіндеп қой бастаған серкедейін.
Тағдырдан тізгінімді әпер тартып,
Мен де оны жүйкелете желкелейін.
Дүние, дүние-ана, тарынбағын,
Білемін сенде аздап бағым барын.
Тағдырдан тізгінімді әпере алсаң,
Мен қазір шарықтайтын шағымдамын.
Тағдырдан тізгінімді әпермесең,
Көнбеймін әлдиіңе әкем десең.
Құтқармас Құлагерді жүйрігіңмін,
Жаратып жалым тарап әсемдесең.
Бармақтай бағың ғана – тілегенім,
Талабым таудай еді, түлемедім.
Бап шаппай, бақ шабатын жанталаста,
Жалтақтап жүргенімді біле ме елім?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter