Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  137


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АҚЫН МЕН ЖАЗУШЫЛАРҒА

Ассалаума-ғалейкум!
Сөзді қорек еткендер,
Ақ қағазға малтығып,
Ақыл, ойға бөккендер.
Су жұқпайтын тазадан,
Бөзді бөлек еткендер.
Еңіреген ерлерден,
Езді бөлек еткендер.
Тумай жатып анадан,
Тілі шығып кеткендер.
Белі шықпай бесіктен,
Қайғы, мұңды шеккендер.
Ерте ағарып шаштары,
Арманына жеткендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу