Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  152


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МЕНІ ӨЗІНДЕЙ КӨР, ДОСТЫМ

Мені өзіндей көр, достым, жаны бөлек демесең,
Сен қуансаң қуанып, айдарымнан жел есем.
Өзіңді ойлап мен бүгін біраз жасқа қартайдым,
Өзінді ойлап ешқашан тебіренген емес ем.
Ішек перне секілді жүрек, тілек үндесіп,
Жалғап едік, ғұмырдың қыл шылбырын бірге есіп.
Бірге туған жаннан да жақын болып кеттің сен.
Егіз ұл да екеуміз, өмір-ана бір бесік.
Қайғырмайын мен қалай, аһ ұрмайын қайысып,
Бүтін едің, бүлініп бара жатсың майысып.
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа келсейші,
Адалыңды арамдап жүрген, айтшы, қай күшік?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу